Жаңа Конституция – заң шығару, құқық қорғау және ұлттық диалогтың жаңаша жүйесі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары, ашық қоғамдық талқылаулар және жаңа нормалар мен ережелерді мұқият пысықтаудың нәтижесінде әзірленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа Конституция жобасында маңызды жаңалықтардың ішінде атап өтерлігі, 145 депутаттан тұратын бірпалаттық Парламент – Құрылтай құрылып, кеңейтілген өкілеттіліктерге ие болады, депутаттар 5 жылға сайланады және сайлау пропорционалды жүйемен өтеді.
Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институттық рөлін күшейтуге және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Халық Кеңесі халық мүддесін білдіретін жоғарғы консультативтік орган болып табылады және заң шығару бастамасын іске асыру құқығына ие болады.
Сонымен қатар, Вице-президент институты енгізіледі, ол Президент атынан қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен байланыс орнатады.
Адвокаттық қызметке арналған арнайы бап алғаш рет бекітіледі және интеллектуалдық меншік құқықтары қорғалады.
Құқықтық кепілдіктер күшейтіліп, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе жағдайын нашарлататын заңдарды кері күшпен қолдануға тыйым салынады, кінәсіздік презумпциясы мен бір құқықбұзушылық үшін қайта жауапқа тартылмау принциптері бекітіледі, сондай-ақ “Миранда ережесі” енгізіледі.
Сондай-ақ ескірген терминология мәселесі кешенді түрде шешіледі. Жаңа Конституция мәтіні мемлекеттiк тұрақтылықты, халықаралық беделді, адами капиталға, білімге, ғылым мен инновацияларға басымдықты айқын көрсетеді және болашаққа сенімді көзқараспен қарастырады, сонымен қатар қазіргі Конституцияға құрмет көрсетіледі, ол Қазақстанның мемлекеттiк құрылуы мен тарихи дамуына маңызды рөл атқарды.
Бірінші жобада Преамбула, 11 бөлім және 95 бап ұсынылған, ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы жинақталуда, ал жаңа Конституцияға қатысты соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдумда қабылдайды.
Оқи отырыңыз: Мыңжылдық тарих сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар