Құрылысшылар биіктен құлап кетті: Астанада қылмыстық іс қозғалды
Аlmaty.tv
Үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордада тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында 3 жұмысшы шамамен бесінші қабат деңгейінен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің хабарлауынша, олар биіктікте орнатылған құрылыс жабдығының үзіліп кетуі салдарынан құлаған.
"Аталған дерек бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.
Жарақат алған үш қызметкер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында медициналық мекемелерде лицензиясыз қызмет көрсеткендер анықталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00