Құрылысшылар биіктен құлап кетті: Астанада қылмыстық іс қозғалды

22.11.2025 17:35

Үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді

Аlmaty.tv

Елордада тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында 3 жұмысшы шамамен бесінші қабат деңгейінен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің хабарлауынша, олар биіктікте орнатылған құрылыс жабдығының үзіліп кетуі салдарынан құлаған.

"Аталған дерек бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Жарақат алған үш қызметкер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында медициналық мекемелерде лицензиясыз қызмет көрсеткендер анықталды