Қуып жүріп, пышақтаған: Шымкентте 21 жастағы бойжеткен көз жұмды

12.01.2026 16:10

Қылмысты жасаған азамат әлі де ұсталмады

Шымкентте 21 жастағы бойжеткенді айуандықпен өлтіріп кетті. Қанды оқиға қаладағы тұрғын үйлердің маңында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

28 жастағы ер адам жас қызды қуалап жүріп, бірнеше мәрте пышақтаған. Кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм мен күдікті бұрыннан таныс болыпты. Қылмысты жасаған азамат әлі де ұсталмады.

«Бұл жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда жетім балаларды бопсалап келген қылмыстық топ анықталды