Қылмыстық іске куә болған: Ақмола облысында дәрігер көз жұмды
Марқұмның денесін туған бауыры тауып алған
Ақмола облысында 38 жастағы дәрігер көз жұмды. Марқұм Есіл аудандық ауруханасында терапевт болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның өлімінің мән-жайы әзірге анықталмаған. Туыстарының айтуынша, қайтыс болардан аз уақыт бұрын дәрігерді Көкшетаудағы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне қылмыстық іс бойынша куә ретінде жауап беруге шақырған. Ертесіне ол жұмысқа шықпаған. Сол күні кешке марқұмның денесін туған бауыры тауып алыпты. Қоштасу хаты да табылған. Жақындары оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп жатыр.
«Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Есіл ауданының 38 жастағы тұрғыны өзіне қол жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.
Оқи отырыңыз: Ашық қалған құдықтар: Шымкентте аяқсыз қалған жұмыс тұрғындарды алаңдатты