Сондай-ақ қыс мезгілі пилинг жасауға қолайлы кезең саналады
Қыс мезгілінде терінің құрғап, қабыршақтануы – қалыпты нәрсе. Бұл, ең алдымен, температураның күрт өзгеруіне байланысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Косметолог дәрігерлердің айтуынша, даладағы аяздан өзге, ғимарат ішіндегі батареялар іске қосылған кезде құрғаған ауа әсерінен тек бет терісі ғана құрғап қоймай, көз де жасаурап тұрады. Сондықтан қыста теріні жеткілікті ылғалдандыру – күтімнің басты талабы. Ол үшін құрамында церамидтер мен декспантенол бар кремдерді қолдану ұсынылады.
Сондай-ақ қыс мезгілі пилинг жасауға қолайлы кезең саналады. Пилинг терінің үстіңгі қабатындағы өлі жасушаларды кетіріп, терінің күйін жақсартады әрі жасарту әсерін береді. Үй жағдайында жұмсақ жеміс қышқылдары бар пилингтер жеткілікті болса, пигментация мен әжімдер үшін салондық процедуралар қажет. Пилингтен кейін қалпына келтіретін, тыныштандыратын крем жағу маңызды.
Дерматологтар «қысқы крем» деген ұғымды шартты деп санайды. Яғни, косметиканы түбегейлі ауыстырудың қажеті жоқ, тек ылғалдандыратын маскаларды аптасына 1-2 рет қолданған жеткілікті. Ал күндізгі және түнгі кремнің айырмашылығы көбіне маркетингтік тәсіл екенін атап өтті.
Қыста да SPF-қорғаныс өз маңызын жоғалтпайды. Көп жағдайда оны SPF бар тоналды кремдер алмастыра алады. Ал ағзаны іштен қолдау үшін коллаген мен A, E дәрумендерін қабылдау пайдалы.
Мамандар тері күтімінің негізгі қағидалары ерлер мен әйелдерге ортақ екенін, терінің саулығы өмір салтымен тікелей байланысты екенін еске салады.
Дереккөз: radio1.ru
Оқи отырыңыз: Қалай нақты мақсат қойып, оған тез жетуге болады