Іс-шараға сол елдің 30-дан астам жетекші жоғары оқу орнының өкілдері қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы" атты ІІІ халықаралық көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға сол елдің 30-дан астам жетекші жоғары оқу орнының өкілдері қатысып, талапкерлер мен студенттерге шет мемлекетте білім алу мүмкіндіктерін таныстырды. Жиынға 10 мен 11 сынып оқушылары мен ата-аналары келген. Олар гранттық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық және қытай тілін меңгерудің осы заманға сай жолдары туралы кеңінен ақпарат алды. Оған қоса, халықаралық Ханьюй Шуипин Каоши емтиханының талаптары мен тапсыру тәртібі таныстырылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай көрмелер жастардың шетелде білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық тәжірибе жинауына жол ашады.
"Біздің түлектер көбінесе Батыс елдеріне, АҚШ сияқты ірі елдерді таңдайтын болса, қазіргі кезде жастардың бір бөлігі Қытай университеттерін таңдап жатыр. Себебі, қытайлық алдыңғы қатарлы университеттер әлемдік QS, THE рейтинігінде көш бастап тұр. Әлем бойынша көш бастап тұрған университеттер Фудан, Пекин университетттері бағдарламаларын оқушыларға ұсынып жатыр", - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Есбол Өміржанов.
Оқи отырыңыз: Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі