Қызбен таныса алмаған ер адам оған кесе лақтырған

26.11.2026 16:00

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде қызға кесе лақтырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан азаматтың аяқ астынан ашуға беріліп, қызға ыдыс лақтырғанын көруге болады. Оны жанындағы жолдастары тоқтатуға тырысқан.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызбен танысқысы келген. Алайда ол келіспеген. Осыдан кейін екеуінің арасында түсініспеушілік туындап, ашуға булыққан жігіт алдындағы кесені лақтырып жіберген. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанған.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Аталған дерек бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Мырзаев.

Толық көрсету