Сирек кездесетін жыртқыштың табиғи ортасында тіркелуі өңірдің биоалуантүрлілігін бақылау үшін маңызды
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары аумақты барлау кезінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюын бейнекамераға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Мамандар түсірілім барысында Ursus arctos isabellinus түріне жататын аюды тіркеген. Ол — Көлсайдың таулы аймағын мекендейтін жабайы жануарлардың бірі.
"Таулы өңірдің бұл айбынды тұрғыны — Көлсайдың бай жануарлар дүниесінің ерекше өкілі. Біз үшін бұл — таңғажайып кездесу. Ал аю үшін — өз мекеніндегі қалыпты тіршілік", - дейді эколог мамандар.
Министрлік мәліметінше, сирек кездесетін жыртқыштың табиғи ортасында тіркелуі өңірдің биоалуантүрлілігін бақылау үшін маңызды.
Оқи отырыңыз: Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен өтпек болған 19 шетелдік анықталды