Қызылорда 215 бірлік қару-жарақ жойылды

27.02.2026 20:57

Іс-шара аясында арнайы техникалық комиссия құрылып, құрамына тиісті сала қызметкерлері енгізілді

Қызылордалық тұрғындардан 215 бірлік қару-жарақ алынып, жойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі.

Оның екеуі ойық ұңғылы, екеуі шолақ мылтық, 11-і газды-травматикалық қару болса, 200-і тегіс ұңғылы қару. Полицейлер арнайы акция аясында азаматтардан тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған суық қарулар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан шығарды. Іс-шара аясында арнайы техникалық комиссия құрылып, құрамына тиісті сала қызметкерлері енгізілді. 

"Комиссия құрамының шешімі негізінде 2025 жылдың 12 айында барлығы 305 дана қару қабылданып, Ішкі істер министрлігі Әскери және арнайы жабдықтау базасында жойылды. Бүгінгі таңда 215 дана қару қабылданып, ҚР ІІМ бұйрығы талаптарына сәйкес кесу арқылы жарамсыздыққа келтіріліп, берілген тәртіпке сәйкес жойылатын болады", – деді Қызылорда облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары Нұрбек Айтбай.

Оқи отырыңыз: Салықтарды бірыңғай төлем жүйесіне көшіру қажет - сарапшы

 

 

Теги: қызылорда