Қызылорда облысында мектеп оқушысын өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды
Жантүршігерлік оқиға маусым айында Шиелі ауданында болған
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды өлтіріп, денесін каналға лақтырып жіберген сотталушыға үкім кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жантүршігерлік оқиға маусым айында Шиелі ауданында болған. 10 сынып оқушысымен әлеуметтік желі арқылы танысып, оны ауыл шетіне шақырған 22 жастағы қаскөй алдымен азаптап, мәйітін су арнасына ағызып жіберген. Тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденді. Күдікті соңғы сөзінде қылмысын мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Судья сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды
«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 14-тармағымен кінәлі деп танылып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленсін. 10 миллион теңге моральдық шығын тиісінше арыз берілген сәтте есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік кіріске 2162 мемлекеттік баж өндірілсін», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Думан Әлиев.
Оқи отырыңыз: Түркістанда қанды қылмыс: күйеуі пышақтаған келіншек көз жұмды