Қызылордада дизель отыны тиелген вагондар аударылды

04.02.2026 15:59

Зардап шеккен адам жоқ

Қызылордада дизель отыны тиелген вагондар рельстен шығып кетіп, аударылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вагондардың рельстен шығуы Қызылорда жүк тасымалдау бөлімінің Белкөл стансасында маневрлік жұмыс кезінде тіркелген.

Ресми мәліметке сүйенсек, тазалық жұмысы кезінде жолдың бұрылыс бөлігінде 6 вагон сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен рельстен шығып кетіпті. Оның төртеуі дизель отыны тиелген цистерна болса, қалғаны – бос вагондар.

Зардап шеккен адам жоқ.

«Алдын ала ақпарат бойынша, вагондар «бір бүйірлеп» жатып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздардың негізгі жолымен жүруіне оқиға кедергі келтірмеді. Жылжымалы құрам мен жолдың зақымданбады. Себептерін анықтау үшін комиссия оқиға орнында  жұмыс істеуде», – деді  «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында теміржол қызметкерін пойыз қағып, мерт қылды