Қызылордада инвесторға заңсыз қысым көрсеткен шенеунік жазаланды

30.04.2026 14:27

Инвесторларға қатысты кез келген әкімшілік шара міндетті түрде прокуратурамен келісілуі тиіс

Аlmaty.tv

Қызылорда облысында прокуратура инвестордың құқығын бұзу дерегін анықтап, заңсыз салынған айыппұлдың күшін жойды. Бұл туралы өңірлік табиғат қорғау прокуратурасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тексеру барысында Экология департаментінің қызметкерлері инвесторды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартқаны белгілі болған.

Атап айтқанда, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабы бойынша істі прокурордың міндетті келісімінсіз қозғаған. Бұл қолданыстағы заң талаптарына қайшы келеді.

Айта кетейік, «прокурорлық сүзгі» тетігіне сәйкес, инвесторларға қатысты кез келген әкімшілік шараларға міндетті түрде прокуратура келісім беруі тиіс.

Прокуратураның наразылығынан кейін заңсыз айыппұл туралы қаулының күші жойылып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар заң бұзуға жол берген Экология департаменті бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Прокуратура өкілдері инвесторларға заңсыз қысым көрсету әрекеттеріне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті. Сондай-ақ құқықтары бұзылған кәсіпкерлерді арнайы байланыс нөмірлері арқылы жүгінуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жастар неше жасында отбасын құрады – статистика