Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

29.03.2026 11:35

Аталған дерек бойынша құқық бұзушы сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды

Аlmaty.tv

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында күшейтілген профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері масаң күйде көлік басқарудың 10 дерегін анықтап, жолын кесті.

Солардың бірі 22 наурыз күні сағат 01:30 шамасында Қызылорда қаласында тіркелді.

Атап айтқанда, 21 жастағы азамат көлік құралын басқару құқығы болмағанына қарамастан, көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушы сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: ҚМА: 400-ден астам компания лицензияны заңсыз алған