Қызылордалық полиция қызметкерлері екі азаматты аман алып қалды

14.04.2026 20:41

Өрт таңертең Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында тұтанған

Қызылордалық полиция қызметкерлері өртеніп жатқан пәтерден екі азаматты аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өрт бүгін таңертең Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында тұтанған. Сол маңнан көлікпен өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары Руслан Бауыржанұлы мен Нұржан Нағашыбай қызыл жалынды байқап, жедел әрекетке көшкен. Қырағы қызметкерлер Төтенше жағдайлар қызметінің келуін күтпестен түтінге оранған пәтерге кіріп, тілсіз жағып жатқанын байуды сөндіруге кірісіпті. Осылайша үй ішінде ұйықтап жатқан екі жігітті оятқан офицерлер оларды қауіпті аймақтан алып шыққан.

«Бағыт аралау барысында 9:30 шамасында 20 үйдің 4 қабатынан өрт шықадық. Көршілерге ескертіп пәтерді анықтап кірдік. Пәтерге кіру барысында ішінде екі азаматтың ұйықтап жатқаны анықталды. Екі азаматты дереу шығарып, өрт сөндірушілер келем дегенше есікті ашып,  қара түтінді сумен дереу өшіріп, алдын алдық», - деді қалалық Полиция басқармасының инспекторы Руслан Бауыржанұлы.

Оөи отырыңыз:  Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелеріне өзгеріс енгізілуі мүмкін