Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шекті
Қызылордада халықтың 130 млн теңгесін жымқырып, Түркияға қашып кеткен алаяқ елге қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу дерегінше, ол 2024 жылы жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды арзан бағада сатып алып беремін деп уәде еткен. Десе де, түскен қаражатты өзі иемденіп, шетелде бой тасалаған. Оның бұл әрекетіне 8 адам алданыпты. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Енді ол қылмысы үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркиядан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматынелге қайтарды. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.
Оқи отырыңыз: Көлігін жол жиегіне қалдырған жүргізушілерге айыппұл салынды