Алматыда қызылшаға қатысты эпидахуал бақылауда тұрғанымен, балалар арасында қауіп әлі де жоғары. Сондықтан қалада 18 жасқа дейінгі балаларды қосымша иммундау жұмыстары басталады. Бүлдіршіндер арасында қызылшаның алғашқы белгілері қандай және қай кезде жедел жәрдем шақыру керек?
Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы №4 қалалық емхананың педиатр дәрігері Минура Иманбаева жауап береді.
– Минура ханым, аурудың негізгі белгілері қандай, оны тұмаудан қалай ажыратуға болады?
«Қызылша ауруының белгілері тұмау сияқты, ұқсайды. 38-40-қа дейін температура көтеріледі. Мұрынның бітеліп, көздің қызарады, жөтел пайда болады. Өзіне тән бірінші белгісі – адам денесінде бөртпепайда болады. Құлақтың артынан бастап бетке, төмен қарай денеге, қолына, аяқғына қарай төмен түседі. Ерекшелігі ауыздың ішкі қуысында ақ таңбалар пайда болады».
– Вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі бар адамдар тобы бар ма? Ол топқа қандай адамдар жатады? Жалпы бұл жағдайда не істеу керек, қалай емделеді?
«Вакцинаға қарсы көрсеткіштері бар. Жедел ауырып тұрған балаларға салуға болмайды. Ысытпасы жоғары кезде, екіқабат әйелдерге, сонымен қатар қоздырмалы аурулары бар пациенттерге, диспансерлік учетта тұратын терең ауыр дерті бар адамдарға салуға болмайды».
– Балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіп деңгейі қандай? Оларға қандай қосымша сақтық қажет? Ата-аналар нені ескергені жөн?
«Балалар мен жүкті әйелдерге қауіп деңгейі өте жоғары. Ол өте тез жұғатын инфекциялық ауру болып табылады. Көбінесе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Сонымен қатар ересектерде, егер уақытылы екпелерін алмаса, жиі кездеседі».
Оқи отырыңыз: Шымкентте 75 жастағы азаматтан сібір жарасы анықталды