«Қайрат» - «Реал»: Алматы қаласы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

30.09.2025 21:42

Сүйікті командаға жанкүйер болу үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған: матчыңызды отбасыңызбен үйде отырып тамашалай аласыз

Almaty.tv

Алматы қаласындағы Орталық стадионда «Қайрат» және «Реал Мадрид» футбол клубтары арасындағы тарихи матч өтеді. Бұл оқиғаға жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық танытылып отырғанын ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы үндеу жолдайды, деп хабарлайды Alamty.tv.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және билетсіз жанкүйерлердің жаппай жиналуын болдырмау мақсатында стадион аумағында және оған іргелес аумақтарда топтасып жиналмауды сұраймыз. Абай даңғылы мен Сәтпаев көшесі бойында адамдардың көптеп жиналуы көлік қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына алып келуі мүмкін.

Сүйікті командаға жанкүйер болу үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған: матчыңызды отбасыңызбен үйде отырып тамашалай аласыз немесе қаладағы арнайы ұйымдастырылған трансляция алаңдарында көруге болады.

Алматы қаласы әкімдігі барлық жанкүйерлерге түсіністік пен жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдіреді. Бүгінгі матч – барша жанкүйер үшін футбол мерекесіне айналуы тиіс.

Оқи отырыңыз: «Қайрат» — «Реал Мадрид»: алғашқы минуттан кімдер алаңға шығады