Қайтарылған активтер: Абай облысын сумен қамтуға жұмсалуда

11.08.2025 13:06

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр

Almaty.tv

Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаражат Абай облысын сумен қамтуға жұмсалуда, деп хабарлайды Amaty.tv.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен елімізде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар салу жұмыстары жүзеге асуда.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылуда, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізілетін болады.

Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Абайдың 180 жылдығына арналған негізгі шаралар қалай өтіп жатыр