Қайтарылған активтер: Шымкентте колледж жатақханасының құрылысы жүргізілуде

Almaty.tv
Almaty.tv

Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар білім алатын колледж жатақханасының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл әлеуметтік нысан 300-ге жуық сөйлеу және т.б. кемістігі бар оқушыларды заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған медицина кабинеті, спортпен жаттығу, тынығу бөлмелері және т.б.  Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық Білім басқармасына пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда.

Халықтың өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін жайлы жағдай жасау мақсатында қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз:  Шымкент қаласының прокуратурасы

Оқи отырыңыз: Балақайлар мектебі: бірінші сыныпқа баратын 90 мыңға жуық бала даярлық курстарынан өтеді

Новости партнеров