2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады

21.11.2026 12:54

Ұзақ демалыс күндері наурыз бен мамыр айларына сәйкес келеді

коллаж Almaty.tv

2027 жылы қазақстандықтарды үш және төрт күнге созылатын бірнеше ұзақ демалыс күтіп тұр. Себебі келер жылы бірқатар мереке аптаның басы мен соңына сәйкес келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2027 жылғы қаңтар

Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтар, сондай-ақ православиелік Рождествоға байланысты 7 қаңтар – демалыс күндері.

2 қаңтар сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 4 қаңтарға, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында төрт күн демалады. Жұмыс 5 қаңтарда басталады.

Ал 7 қаңтар – бейсенбі. Бұл – мереке емес, ресми демалыс күні. Сондықтан ол басқа күнге ауыстырылмайды. 8 қаңтар, жұма – жұмыс күні.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 18 жұмыс күні;
  • 13 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 23 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

2027 жылғы ақпан

Ақпан айында мерекелік демалыс күндері жоқ. Қазақстандықтар әдеттегідей сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 20 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 24 жұмыс күні;
  • 4 демалыс күні.

2027 жылғы наурыз

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты 6-8 наурыз аралығында үш күн демалыс болады.

15 наурыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні де дүйсенбіге түседі. Сондықтан 13-15 наурыз аралығында қазақстандықтар үш күн демалады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 21 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде 20-24 наурыз аралығында бес күн демалыс болады. Жұмысқа 25 наурыз, бейсенбі күні шығады.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 18 жұмыс күні;
  • 13 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 9 демалыс күні.

2027 жылғы сәуір

Сәуір айында мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған. Демалыс сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 4 демалыс күні.

2027 жылғы мамыр

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 3 мамырға, дүйсенбіге ауыстырылады. Қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында үш күн демалады.

7 мамыр – Отан қорғаушы күні жұмаға, ал 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге түседі. Жеңіс күніне сәйкес келген демалыс 10 мамырға, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалуға болады.

16 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні жексенбіге сәйкес келеді. Бұл – мерекелік емес, ресми демалыс күні болғандықтан, басқа күнге ауыстырылмайды. Сондықтан 17 мамыр – жұмыс күні.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 18 жұмыс күні;
  • 13 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 23 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

Айта кетейік, Құрбан айттың 2027 жылғы 16 мамырға сәйкес келетіні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2027 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесінде көрсетілген. Күнтізбе бойынша Құрбан айт 16-18 мамыр аралығында өтеді, алайда ресми демалыс тек алғашқы күнге беріледі. Діни басқарма айдың нақты тууына қарай мереке күнін нақтылауы мүмкін. Ал Үкімет қаулы арқылы демалыс күндерін ауыстыруға құқылы.

2027 жылғы маусым

Маусым айында мерекелік демалыс күндері жоқ. Демалыс күндері сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 4 демалыс күні.

2027 жылғы шілде

6 шілде – Астана күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар демалады. Ал 5 шілде, дүйсенбі – жұмыс күні.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 21 жұмыс күні;
  • 10 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні.

2027 жылғы тамыз

Тамыз айында мерекелік демалыс күндері жоқ.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап 30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Енді Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі. Бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңда бекітілген.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 9 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні.

2027 жылғы қыркүйек

Қыркүйек айында мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған. Қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 4 демалыс күні.

2027 жылғы қазан

25 қазан – Республика күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған орай 23-25 қазан аралығында үш күн демалыс болады.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 20 жұмыс күні;
  • 11 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 25 жұмыс күні;
  • 6 демалыс күні.

2027 жылғы қараша

Қараша айында мерекелік демалыс күндері жоқ. Демалыс сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 8 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 4 демалыс күні.

2027 жылғы желтоқсан

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні бейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар демалады. Ал 17 желтоқсан, жұма – жұмыс күні.

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 22 жұмыс күні;
  • 9 демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні.

Оқи отырыңыз: Сапалы әрі қауіпсіз етті қалай таңдау керек - мамандардың кеңесі

Толық көрсету