Қазақстандықтар 2026 жылдың тамыз айында қалай демалады

27.07.2026 09:00

Бұл айда 10 демалыс күні бар

Almaty.tv

Тамыз айында қазақстандықтарды мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалыс күндері күтіп тұрған жоқ. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін 15 наурыз – Конституция күні мемлекеттік мереке болып белгіленді, сондықтан 30 тамыз бұдан былай мерекелік күн болып саналмайды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен бірге, 2026 жылғы 30 тамыз жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан бұл күн әдеттегі пән апталық жұмыс кестесі аясында демалыс күні болады, ал 31 тамыз (дүйсенбі) жұмыс күні болып қалады. Осылайша:

  • бес күндік жұмыс аптасында: 29 және 30 тамыз (сенбі және жексенбі) демалыс күндері болады;
  • алты күндік жұмыс аптасында: 30 тамыз (жексенбі) демалыс күні, ал 29 мен 31 тамыз — жұмыс күндері.

Бұдан бөлек, бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері болғанына қарамастан, олар атап өтіледі және оған қатысы бар жандар құттықтаулар қабылдайды. Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығының редакциясында жарияланады, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.

  • 2 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні
  • 3 тамыз – ТТеміржол көлігі қызметкерлері күні
  • 10 тамыз – Абай күні
  • 9 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшы күн
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні
  • 18 тамыз – Спорт күні
  • 29 тамыз – Семей сынақ ядролық полигонының жабылу күні
  • 30 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтер күні

БҰҰ КҮННӘМЕСІ

  • 9 тамыз – Дүниежүзілік жергілікті халықтардың халықаралық күні; Оңтүстік Африка мен Намибиядағы әйелдер күресімен халықаралық ынтымақтастық күні
  • 12 тамыз – Халықаралық жастар күні
  • 19 тамыз – Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні
  • 21 тамыз – Терроризм құрбандарын халықаралық еске алу күні
  • 22 тамыз – Дін немесе сенім себебінен зомбылық құрбаны болған адамдарды халықаралық еске алу күні
  • 23 тамыз – Күл-саудасының құрбандарын және оны жоюды халықаралық еске алу күні
  • 26 тамыз – Намибия күні
  • 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні
  • 30 тамыз – Күштеп жоғалтылғандар құрбандарының халықаралық күні
  • 31 тамыз – Африка текті адамдардың халықаралық күні