Айдың жартысына жуығы – демалыс: наурызда қазақстандықтар қалай демалады

26.02.2026 10:43

Бұл айда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы тойланады

коллаж Almaty.tv

2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда, 13 күн демалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл айда екі бірдей айтулы мереке тойланады: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

"ҚР мерекелер туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы - мемлекеттік мерекелер. Ал аталған заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс күндері болып саналады.

8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) жексенбіге сәйкес келеді → демалыс күні 9 наурызға ауыстырылады.

Наурыз мейрамы: 21-23 наурыз (21, 22 наурыз - сенбі-жексенбі, демалыс күндеріне сәйкес келеді, сондықтан демалыс келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады → 21-25 наурыз аралығында ұзартылған демалыс болады).

  • Бес күндік жұмыс аптасында: 13 демалыс күні, 18 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс күні, 22 жұмыс күні.

Дегенмен наурызда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері болғанына қарамастан, ол мерекелер де аталып өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 наурыз – Алғыс айту күні

14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) – Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлері күні

БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ

1 наурыз – «Нөлдік кемсітушілік» күні; Дүниежүзілік теңіз балдырлары күні;

3 наурыз – Дүниежүзілік балалар телерадио хабарларын тарату күні; Дүниежүзілік жабайы табиғат күні;

4 наурыз – Дүниежүзілік семіздікке қарсы күрес күні;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

10 наурыз – Халықаралық әйел судьялар күні;

15 наурыз – Халықаралық исламофобиямен күрес күні;

20 наурыз – Халықаралық бақыт күні; БҰҰ жанындағы Халықаралық француз тілі күні және Халықаралық франкофония күні;

21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні; Нәсілдік кемсітушілікті жоюдың халықаралық күні; Халықаралық орман күні; Халықаралық Даун синдромы бар адамдар күні; Наурыз мейрамы;

22 наурыз – Дүниежүзілік су ресурстары күні;

23 наурыз – Дүниежүзілік метеорологтар күні;

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні; Халықаралық адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығы күні;

25 наурыз – Халықаралық құлдық және трансатлантикалық құл саудасы құрбандарын еске алу күні; Халықаралық қамауға алынған және хабарсыз кеткен қызметкерлермен ынтымақтастық күні.

Оқи отырыңыз: Күнә жуатын жаңбыр және Құранда айтылған жалғыз ай: Рамазан туралы қызықты деректер