Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

02.12.2025 17:19

Тәуелсіздік күні елде мемлекеттік мереке ретінде тойланады

коллаж Almaty.tv

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге түсіп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні елде мемлекеттік мереке ретінде тойланады.

Желтоқсандағы кәсіби мерекелер

Желтоқсанда бірнеше кәсіби мереке бар. Бұл күндері демалыс берілмейді. Олар:

5 желтоқсан – адвокатура күні

6 желтоқсан – прокуратура күні

20 желтоқсан – Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні

Желтоқсанның үшінші жексенбісі (21 желтоқсан) – Энергетиктер күні

22 желтоқсан – архив қызметкерлері күні.