Қаламгерге құрмет: Жұмабай Шаштайұлына арналған кітап жарық көрді

10.10.2025 20:53

Жазушының өмірі мен мұрасы туралы кітап қала кітапханаларына таратылады

Ер есімі - ел есінде. Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлына арналған кітап оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қаламгердің шығармашылық жолы, өмірлік ұстанымы мен елге сіңірген еңбегі жайлы деректер мен замандастарының естеліктері топтастырылған туынды енді қаладағы барлық кітапханаға таратылады.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара тұлғаның туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жиналғандар жазушының әдеби мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, ел тарихындағы рухани орнын айшықтау керек екенін айтты.  

«Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған үлкен суреткер. Бұл кітап Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрді. Әзірге 500 таралыммен шықты. Алматы облысының барлық кітапханасына, кітапханалар желісіне түседі», - деді әдебиетші, Ж. Шаштайұлының шәкірті Бағашар Тұрсынбайұлы.

Оқи отырыңыз: ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде жаңартылған телестудия ашылды