«Канал – Каспий маягі» арнайы операциясы: ҰҚШҰ елдері есірткіге қарсы күресті күшейтті
Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның құқық қорғау органдары қатысты
Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері қатысып жатқан «Канал - Каспий маягі» арнайы операциясы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның құқық қорғау органдары қатысты. Басқосу барысында халықаралық сарапшылар мен арнайы кәсіби мамандар өзара тәжірибе алмасып, транзиттік есірткі тасымалының жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарын пысықтады. Қазір әуежайлар мен теміржол вокзалдары, халықаралық пошта мен жүк тасымалдайтын орындарда кешенді тексеріс жүруде. Бұдан бөлек, мамандар ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы заңсыз заттарды саудалайтын қылмыстық топтарды анықтау бағытында да белсенді шаруа атқарып жатыр.
«Операция мақсаты – өңіріміздегі есірткіге қарсы күресті күшейту және транснационалдық ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу. Мемлекеттердің тәжірибесімен алмасу және қызмет барысында пайдалану», – деді ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Абай Жүсіпов.
Оқи отырыңыз: Оңтүстік шекара: Көлік ағыны қайта бөлініп, бекеттер жаңғыртылуда