Қазіргі кезде ол жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты іздеу және тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.
«ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді», - деп атап өтті ҰҚК өкілдері.
Қабылданған шаралар барысына 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алынды.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

Оқи отырыңыз: 138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды