Қарағанды қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді

Тиісті қаулыға қала әкімі қол қойған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай шешім Федоров су қоймасын бойлай өтетін кәріз коллекторының бір бөлігін жөндеу үшін және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданыпты. Бұл жоспарлы істі тезірек бастауға мүмкіндік бермек. Тиісті қаулыға қала әкімі қол қойған. Бұған қоса кәріз құдықтарының арасындағы үш шақырымнан астам құбыр ауыстырылмақ. Қазір коллектор қалыпты жұмыс істеп тұр.

«Коллектордың бір бөлігі саяжайлар астымен өтеді. Дәл осы тұста ақау анықталған. Су басу және апаттың алдын алу үшін саяжай аумағын айналып өтетін жаңа айналма желі салынады. Шұғыл шешім жеке жер телімдеріне тимей жұмыс істеуге және жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен нөсер жауын мен қар еріген кезде апат қаупі жоғарылайды. Мамандар нысанның жағдайын тұрақты түрде бақылап отыр. Ешқандай опырылу немесе су шығу жағдайы тіркелмеген», – деді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда баға өсімі бақылауда

Новости партнеров