Қарағанды маңында жол апатынан мотоциклші қаза тапты

03.08.2025 15:21

Қайғылы оқиға 3 тамызда таңертең Алматы – Екатеринбург автожолында болған

Аlmaty.tv

Қарағанды маңындағы тасжолда мотоциклші өзге көлікке соғылып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров хабарлағандай,

Қайғылы оқиға 3 тамызда сағат 07.30 шамасында Алматы – Екатеринбург автожолының Қарағанды қаласынан 1 км қашықта болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша Балқаш қаласы бағытында кетіп бара жатқан мотоцикл жүргізушісі алдында тұрған Kia Sportage арнайы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деді Жасқайрат Қайыров.

Қазіргі кезде жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Астанада полицейлер батпаққа батып кете жаздаған әйелді құтқарды