Ермағанбет Бөлекпаевтың ақпарынша, аймақта өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және энергетика саласында 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Қарағанды облысы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кенді шаһар басшысы білек сыбана кіріскен шаруа – аймақтағы еңбеккерлердің қатарын арттыру. Ермағанбет Бөлекпаевтың ақпарынша, аймақта өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және энергетика саласында 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді, 200 мыңға жуық жұмысшы мамандық иелері еңбек етіп жатыр. Президент тапсырмасын орындауға кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері жұмылдырылған.
"Келесі жылды Мемлекет басшысы "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялағаны өңір үшін аса маңызды. Өңір жастарының 60 пайызы түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейді. Сондықтан Қарағанды облысын еліміздің жұмысшы мамандықтар даярлау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін қажетті жағдай, қалыптасқан орта-кәсіптік білім беру тәжірибесі, тарихы бар колледждер желісі, білім мен тәжірибені үйлестіруге арналған өндірістік кәсіпорындар және білікті оқытушылар құрамы бар", – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында жылу қазандығы жарылды