Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жазатайым оқиға Қарағанды қаласының Сұрыптау ауданындағы Таймырская көшесінің артындағы карьерде орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2009 жылы туған жасөспірім карьер суына батып кетті. Қайғылы оқиға суға түсуге тыйым салынған жерде орын алды", — деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, марқұм екі досымен бірге су айдынына шомылуға келген. Бірақ ол жүзе алмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылар азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады. Сондай-ақ, түнгі уақытта және жүзу дағдыларынсыз шомылудан бас тарту керектігін еске салады.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 1,8 млрд теңге тұратын вейп тәркіленген