Қарағанды облысында әкім қыз зорлады деген күдікке ілінді

12.05.2025 18:03

Қазір аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, облыстық полиция департаменті тергеу амалдарын бастады

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақшатау деп аталатын ауылдың әкімі қамауға алынды. Ол 23 жастағы қызды соққыға жығып, зорлауға оқталды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, облыстық полиция департаменті тергеу амалдарын бастады. Ал әкім қызметінен босатылыпты.  

«Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сол күні-ақ күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сот санкциясымен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қадағалаушы орган сот алқасына жеке апелляциялық өтініш білдірді. Қарау нәтижесінде өтініш қанағаттандырылып, күдікті қамауға алынатын болды», – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: 181 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды