Қарағанды облысында өртеніп жатқан үйден 33 адам құтқарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жанып жатқан үйден 33 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Белгілі болғандай, 112 орталық пультіне Анжерская көшесінде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін тұрғын үй-жайда қатты түтін байқалып және өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі анықталған.

«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында түтінді аймағынан 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып және 25 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қостанай әуежайында әуеге көтерілген ұшақтың шассиі өртенді

Новости партнеров