Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр
Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жанып жатқан үйден 33 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Белгілі болғандай, 112 орталық пультіне Анжерская көшесінде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін тұрғын үй-жайда қатты түтін байқалып және өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі анықталған.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында түтінді аймағынан 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып және 25 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қостанай әуежайында әуеге көтерілген ұшақтың шассиі өртенді