Қарағанды облысында тауда жарақат алған әйел құтқарылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Әйел серуендеп жүріп, 6 метр биіктен құлап кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында құтқарушылар тауда жарақат алған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Бектау-Ата шатқалында ТЖМ қызметкерлері 1996 жылы туған әйелге көмек көрсетті.

«Ол «Әулие-Ата» таулы аймағында серуендеп жүріп, шамамен 6 метр биіктіктен құлап кетіп, жарақат алған. Алған жарақаттарының салдарынан өз бетімен қозғала алмаған», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны жерде жатқан күйінде тауып, медициналық зембілге жатқызып, арнайы белбеулермен бекітті. Кейін жаяу түрде таудың етегінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді.

Қазіргі уақытта әйел Балқаш қалалық ауруханасына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

Новости партнеров