Қарағанды облысында жасөспірім қызды зорлаған ер адам ұзақ жылға сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

38 жастағы ер адам кінәлі деп танылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы жасөспірім қызды зорлаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағанадй, 2025 жылдың ақпанында Абай қаласында 2009 жылғы қыз балаға оның анасы мен өгей әкесі 1987 жылы туған ер адаммен некеге тұруды ұсынған. Алайда ер адамның өзінен едәуір үлкен екенін білген соң қыз бұл ұсыныстан бас тартқан.

«Наурыз айында өгей әкесі қыз баланың қарсылығына қарамастан сол ер адаммен бірге Қарағанды қаласына жіберген. Онда олар жалдамалы пәтерге тұрақтаған. Сол жерде 38 жастағы ер адам жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, оны зорлаған», - делінген хабарламада.  

Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтары, сараптама қорытындылары және өзге де дәлелдер арқылы толық дәлелденді. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен 38 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған өмір бойы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерінде қылмыстық құрамның бар-жоғын тексеру үшін прокурор атына жеке қаулы шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Қаскелеңде 21 жастағы қыз кісі қолынан мерт болды

Новости партнеров