Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі тәркіленді

08.10.2024 10:07

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында

Қарағанды облысының прокуратурасы

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабаралыд прокуратурадан.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды