Қарағандыда банк ғимараты өртенді
Joachim Pressl/ unsplash.com/
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оқыс оқиға Бұқар Жырау даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды қаласы Бұқар Жырау даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйге жапсарласып салынған бір қабатты банктердің бірінде өрт шықты.
"Қазіргі уақытта ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Нақты деректер бойынша Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орналасқан банктердің бірінде электр сымдарының оқшаулағышы, жылу оқшаулағыш материалдар және сәндік төбе жабындары өртенген", — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.
Оқи отырыңыз: «ҚазМұнайГаз Инвест» пирамидасы әшкереленді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10