Қарағандыда екі шенеунікке үкім шығарылды

Tingey Injury Law Firm/unsplash.com/
Tingey Injury Law Firm/unsplash.com/

Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысына қатысты үкім кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы Д. Хамзинге және осы Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.

Хамзин Қазынашылық Департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғанына кінәлі деп танылды. Сонымен қатар ол Қашқынбаевпен бірлесіп олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды.

"Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда Алма-Арасан термалды бұлағына баратын жол уақытша жабылады

Новости партнеров