Жантүршігерлік оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Қарағандыда қала тұрғындарын есеңгіреткен ауыр жағдай тіркелді. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде әйел адам жетінші қабаттан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Еkaraganda.kz жазуынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 31 шілдеде таңғы сағат 10:39 шамасында Әшімов көшесінде болған.
Куәгерлердің көз алдында болған жантүршігерлік оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Видеодан әйел адамның біршама уақыт бойы жетінші қабаттағы терезенің ернеуінде отырғаны көрінеді. Кейін ол күтпеген жерден төмен қарай секіріп, алдымен кіреберіс маңдайшаға, артынан жерге құлаған. Бейнежазбадан оның аман қалуына еш мүмкіндік болмағаны көрінеді.
«Куәгерлердің айтуынша, әйелдің жасы шамамен 40–45-терде болған. Қазіргі уақытта оның жеке басы ресми түрде анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
Қарағанды облыстық полиция департаменті әзірге бұл оқиғаға қатысты кең көлемде түсініктеме берген жоқ. Тек қысқаша мәлімдеме таратты.
«Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген екі баланың жағдайы белгілі болды