Мамандар жүргізушілерді жоғары жылдамдықтағы жолдарда да барынша мұқият болуға шақырады
Қарағандының шығыс айналма жолында, Шахтер кенті маңында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолға кенеттен шыққан сиырмен соқтығысып, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Тұрғындардың айтуынша, бұл жол бөлігі автожол талаптарына сай болғанымен, малдың шығуы жүргізушілердің өміріне қауіпті. Мамандар жүргізушілерді жоғары жылдамдықтағы жолдарда да барынша мұқият болуға шақырады.
Оқи отырыңыз: Алматыда магистральдық көшелерді орташа жөндеу жұмысы аяқталды