Қарағандыда мұнара краны өртенді

06.11.2024 08:33

Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады

Қарағандыда мұнара краны өртенді
ТЖМ

Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері мұнара кранының өртін сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін таңертең Крылов көшесінде жаңа ғимараттың аумағында, 6-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы жанды. Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады.

"Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Көлік тұрағы жоқ: жалған жарнамаға сенген тұрғындар пәтердің сапасына сын айтты