Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 5 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство мәліметінше, қаладағы Гоголь көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде 2 және 3- қабаттар аралығында жалпы ауданы 8 шаршы метр болатын электр сымдарының оқшаулағыштары мен электр қалқанының жанғыш бөліктері өртенген.
«Төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқару қалпақтарының көмегімен түтін басқан аумақтан 5 адамды, соның ішінде 2 баланы құтқарып қалды», - делінген хабарламада.
Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Аптап ыстық: ТЖД алматылықтарға үндеу жариялады