Күдікті Ақши ауылында ұсталды
Алматы облысында сот залынан қашып кеткен күдікті 13 күннен кейін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, тәртіп сақшылары оның жасырынған жерін тапқан.
"Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды", — деп хабарлады департаменттен.
Оқи отырыңыз: Алты жасар бала нәжіс толы құдыққа құлап, көз жұмды