Қарғын су: Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды

Бұл туралы өңір басшысы Асхат Шахаров айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында көктемде болған қарғын су салдары толық жойылды. Бұл туралы өңір басшысы Асхат Шахаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аймақта тасқын кезінде 4 мыңға жуық үй бүлініп, мыңнан астам баспана апатты деп танылған. Аталған мәселені шешу үшін ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен 25 миллиард теңге бөлінген. Оған 500 үй тұрғызылса, тағы 513 үй дайын күйінде сатып алынған. 11 мыңнан астам мал басына өтемақы төленген.

"Президент менің жұмысыма баға берді. Сондай-ақ тиісті тапсырмаларды жүктеді. Ол – апаттан ешкім зардап шекпеу, адам шығыны, сондықтан барлық инфрақұрылым және баспана мәселесін толықтай шешу. Әріптестермен бірге Үкіметтің қолдауымен тапсырманы бірге орындадық", – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Оқи отырыңыз: Шерзаттың өлімі: Алматы облысының әкімі көпшілікті сабырға шақырды

Новости партнеров