Каспий теңізі тартылып жатыр - ғалымдар болжамы

Әзербайжан жағындағы жағалауы 29 метрге дейін тартылып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий теңізі тартылып жатыр. Теңіздің тағдырына қатты толғанған эколог-ғалымдар су деңгейі алдағы 10-15 жылда тағы төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спутниктік альтиметриялық мәліметке сүйенсек, теңіздің Әзербайжан жағындағы жағалауы 29 метрге дейін тартылып кеткен. Бұл соңғы 500 жылдықта тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Осылай деп дабыл қаққан отандық экологтар ресейлік океанология институтының ғалымдарымен қазан айында экспедиция жасап, зерттеу жүргізбек.

 «Алдағы 10-15 жылда теңіздің деңгейі әлі де бері қарай қайтпайды, әлі де төмендейді. Жалпы зерттеулер бойынша XXI ғасырдың соңына дейін Rаспийдің деңгейі 9-18 метрге дейін төмендеуі мүмкін. Президентіміз айтып кеткендей, ол тек қана бір елдің ғана шешетін мәселесі емес, Каспий жағалауындағы 5 мемлекет бірлесіп бағдарлама жасап, бірлесе зерттеу керек», – деді эколог-ғалым Самал Сырлыбекқызы.

Оқи отырыңыз: Қарағанды әлемдегі ауасы лас қалалардың үштігіне енді

Новости партнеров