Каспий теңізінде ер адам құтқарылды
ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізу барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалған адамды байқады. Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған.
Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
- ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
- құтқару кеудешесін киіңіз;
- техникалық жарамды қайықтарды ғана пайдаланыңыз;
- қатты жел кезінде суға шықпаңыз.
Оқи отырыңыз: Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
23.11.2026 10:20
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50