Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

10.06.2026 13:29

Жер сілкінісінің ошағы 48 шақырым тереңдікте орналасқан

Almaty.tv

Каспий теңізінің акваториясында кезекті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі  Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 10 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:55-те болған.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,0 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы 48 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 584 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта қирандылар немесе өзге де зардаптар туралы ақпарат түскен жоқ.

Каспий теңізінің акваториясында жыл басынан бері 33 рет жер сілкінісі болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан іздеу жариялаған 80 адам шетелден анықталды - ІІМ