Каспий теңізінің маңында жер сілкінісі тіркелді
Depositphotos.com
Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы 5,4
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бүгін Астана уақытымен сағат 14:05-те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы 5,4-ті құрады. Энергетикалық класы – K=13, ал ошағының тереңдігі 64 шақырым болған.
Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, жер дүмпулері Әзербайжанның бірқатар өңірінде 3-4 балл деңгейінде сезілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.
Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51