Каспий теңізінің маңында жер сілкінісі тіркелді

08.04.2026 18:35

Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы 5,4

Depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бүгін Астана уақытымен сағат 14:05-те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы 5,4-ті құрады. Энергетикалық класы – K=13, ал ошағының тереңдігі 64 шақырым болған.

Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, жер дүмпулері Әзербайжанның бірқатар өңірінде 3-4 балл деңгейінде сезілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді